Р. Жауқымованың мәліметтеріне сүйенсек, «ВИЧ індеті» диагнозы үш жасар екі балаға (біреуі Түркістанда тұрады), төрт жасар бір балаға және жеті жасар бір балаға қойылған. «Түркістанда тұратын сәбидің ата-аналары тексерілді, зерттеулер нәтижесі олардың ідетті жұқтырмағандықтарын көрсетіп отыр. Басқа ата-аналардың зерттеулерінің нәтижесі әлі тексеріліп жатыр»,- деді Р. Жауқымова.
Сонымен қатар, бөлімше меңгерушісінің мәліметтеріне сүйенсек, бұрындары ВИЧ індеті табылған бір баланың анасының аталмыш індетті жұқтырғандығы анықталып отыр.
Сөйтіп, Р. Жауқымованың айтуынша, ВИЧ індетін жұқтырған балалардың жалпы саны қазіргі уақытта 123-ке жетіп отыр, олардың 10 көз жұмған, біреуін асырап алып кеткен. ВИЧ індетін жұқтырған аналардың саны 15 дейін өскен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті