Павлодарда полицейлер ауыл тұрғынынан 5 кг жуық апиын көкнәрін тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда полицейлер ауыл тұрғынынан 5 кг жуық апиын көкнәрін тәркіледі

Павлодарда полицейлер ауыл тұрғынынан 5 кг жуық апиын көкнәрін тәркіледі

ПАВЛОДАР. 15-тамыз. Kazakhstan Today. Павлодарда полицейлер "Көкнәр-2007" шұғыл-профилактикалық шарасының барысында Константиновка ауылының тұрғынынан 5 кг жуық апиын көкнәрін тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Тамыз 2007
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Тұтқындау шарасы есірткі сатуға әрекет жасалған кезде жүзеге асырылды. Тінту кезінде оның сөмкесінен 4 килограмм 758 грамм апиын көкнәрі табылды, ол бірден сөмкені ауылдан тауып алғанын, ал облыс орталығына тапқан олжасын пайдалы сату үшін келгенін мәлімдеді»,- деп түсіндіреді баспасөз қызметіндегілер.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Константиновка ауылының тұрғыны қазіргі жағдаймен қылмысын мойындап, уақытша тергеу қапасына қамалды, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 2-тармағы бойынша (есірткілік және психотроптық заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жіберу немесе сату) айып тағылды.

Құқық қорғау органының қызметкерлерінің түсініктемесіне сәйкес, арнайы өңдеу нәтижесінде 5 килограмм апиын көкнәрінен 30-35 грамм апиын алуға болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті