Ақтөбе облысында мүгедек қызды өлтірді деген күдікпен оның немере ағасы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында мүгедек қызды өлтірді деген күдікпен оның немере ағасы ұсталды

АҚТӨБЕ. 15-тамыз. Kazakhstan Today.АҚТӨБЕ. 15-тамыз. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында мүгедек қызды өлтірді деген күдікпен оның немере ағасы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 15 Тамыз 2007
  • 527
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 13 жасар, екінші топтағы мүгедек қыздың мәйіті Ойыл ауданының орталығы — Ойыл ауылының шетінен табылған. Сот-медициналық сараптама қорытындысы жасөспірім қыздың минына қан құйылу және буындыру салдарынан қайтыс болғанын анықтады.

Өлімге қатысы бар деген күдікпен қыздың 22 жастағы немере ағасы ұсталып, ол қылмысын мойындады. Оның айтуынша, қарындасы оны досының көзінше қорлаған. «Қорлауға шыдамаған» ағасы қыздан кек қайтаруға ұйғарады. Кешке қарай ол қыздың ізіне түсіп, жыраның ішінде соққыға жығып, артынан буындырып өлтірген»,- деп хабарлайды полиция.

Қазір күдікті уақытша тергеу абақтысында отыр. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті