Павлодарда героин сатушы тұтқындау сәтінде қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшысын жарақаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда героин сатушы тұтқындау сәтінде қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшысын жарақаттады

Павлодарда героин сатушы тұтқындау сәтінде қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшысын жарақаттады

ПАВЛОДАР. 15 -тамыз. Kazakhstan Today. Павлодарда қаладағы зираттардың бірінде героин сатушы тұтқындау сәтінде қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшысын жарақаттады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 15 Тамыз 2007
  • 470
Фото - Caravan.kz

«»Павлодар — есірткісіз қала» шарасы барысында есірткі саудасымен күрес басқармасында сенім телефон іске қосылған. Сол телефонмен қаладағы зираттардың бірінде героин сатып жүрген есірткі сатушы туралы ақпарат бірнеше мәрте келіп түскен. Оперативтік қызметкерлер сөйтіп оны қылмыс үстінде құрықтады», — деп түсіндіреді баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, тексеру барысында одан салмағы 39,79 грамм болатын героин табылды. Сонымен бірге есірткі сатушы тұтқындау сәтінде құқық қорғау органы қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. «Ол әдетте зираттың жанында қоятын көлігімен қашып ктеуге әрекет жасады. Белсенді қарсылық көрсеткен ол облыстық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасы қызметкерлерінің екі көлігіне ақау келтіріп, бір тәртіп сақшысын қағып кету салдарынан тізесінен жарақаттады, бірақ ол қуғыннан құтыла алмады», — деп хабарлайды Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қолға түскен 27 жастағы есірткі сатушы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Бұған дейін де ол есірткі сатқаны үшін талай рет ұсталған, бірақ, тәртіп сақшыларының айтуынша, ол кезде дәлелдер табылмаған. Қазір ер адам уақытша тергеу абақтысында отыр, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабының 4-тармағы бойынша (сату үшін аса ірі көлемде есірткілік заттарды заңсыз сатп алу, тасымалдау немесе сақтау) айып тағылды. Полииция қызметкерін жарақаттағаны үшін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 110 бабы бойынша (қылмыс жасаған адамды ұстау сәтінде денсаулығына зиян келтіру) да айып тағылмақшы. Бұлар бойынша ең жоғары жаза — мүлкін тәркілетіп, 15 жылға дейін түрмеге жабылу күтіп тұр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті