Прокуратураның ақпараттарына сүйенсек, Ішкі істер басқармасының есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері түзету мекемелерінде жедел-алдын-алу іс-шарасы кезінде бөлім бастығы, әділет майорынан есірткі салынған екі дорба тапқан. «Оның есірткіні өте ірі көлемдегі есірткі заттарын сатқаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айрылған бір сотталушыға жеткізбек болғандығы белгілі болды»,- деп түсіндірді арнаулы прокуратуратурадағылар.
Түзету мекемесінің қызметкерлері қамауға алынды, оның үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 259-бабы бойынша (есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, өткізу және сату) қылмыстық іс қозғалды.
Түрменің қызметкері сотталғанға есірткінің қандай түрін және қаншалықты көлемде бермек болғандығы тергеу мүддесі үшін жарияланбай отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті