Ертіске көлігімен бірге адам батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертіске көлігімен бірге адам батып кетті

Ертіске көлігімен бірге адам батып кетті

ПАВЛОДАР. 15 - тамыз. Kazakhstan Today. Павлодардағы Кенжекөл аулының маңында, Ертіс өзеніне "ВАЗ-21063" маркалы көлігімен бірге адам батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 15 Тамыз 2007
  • 444
Фото - Caravan.kz

Павлодар облыстық судан құтқару қызметінің бастығы Владимир Власовтың айтуынша, облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны абайсызда қайтыс болған. «Көптеген оқиғалар секілді, бұл оқиға да абайсызда болған. Жас жігіттер жабайы жағажайға демалысқа келген, кешке жақын көлікке от алдырмақ болған, көлік жағалаудағы батпаққа бата бастаған, тәжірибесіз жүргізуші байқаусызда артқа қарай жүріп кеткен, сөйтіп ішінде төрт адам бар көлік бес метрлік жарға құлап, суға батып кеткен»,- деді В. Власов. Жолаушылары көліктен шығып үлгерген, ал оның иесі қайтыс болды.

«Оқиға жексенбіде кешке жақын болған, суға сүңгушілер көлікті тек дүйсенбіде түске таман шығарған. Жүргізушінің көліктен шығуына не кедергі болғандығы әзірге белгісіз, динамикалық соққы оны есінен тандыруы мүмкін»,- деп түсіндірд Павлодар облысының судан құтқару қызметінің бастығы.