Астанада Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 16 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 16 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтеді

Астанада Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 16 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтеді

АСТАНА. 15-тамыз. Kazakhstan Today. Астанада 19-тамызда Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 16 жыл толуына арналған "Ядролық қарусыз әлемге Қазақстан салған жол" атты халықаралық симпозиум өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 15 Тамыз 2007
  • 365
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, симпозиумның мақсаты -қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық қару арсеналынан өз ықтиярымен бас тартып, бейбіт сыртқы саясатымен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Қазақстанның үлгісіне әлем назарын аудару.

Іс-шараға қоғамдық саяси топтардың, сарапшылардың, Қазақстан мен шетелдердің ядролық зерттеу орталықтарының 250-ге тарта өкілдері, шетелдік дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Ядролық қару таратпау мәселесіне қатысты өз ойларын Қазақстан Республикасы мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабев, Сыртқы істер министрі Марат Тәжин, Энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұханбетов, АҚШ өкілдер палатасының Азия, Тынық мұхиты өңірі және ғаламдық экология істері жөніндегі кіші комитетінің төрағасы, конгрессмен К. Кэннон, АҚШ Оңтүстік -Шығыс университетінің профессоры, Таяу Шығыс және Ұлттық қауіпсіздік ұйымының хатшысы, саясаттану ғылымдарының докторы С. Барони ортаға салады.

Симпозиум аясында көрме ұйымдастырылып, «Қазақстанның ядролық қарусыздануы — қауіпсіз әлем қалыптастырудың жаһандық үлгісі» деген ортақ атаумен осы аттас кітаптың таныстырылымы болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті