Қазақстан мен Монғолияның төтенше жағдайлар министрлері төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде өз мекемелерінің тәжірибесімен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Монғолияның төтенше жағдайлар министрлері төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде өз мекемелерінің тәжірибесімен бөлісті

Қазақстан мен Монғолияның төтенше жағдайлар министрлері төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде өз мекемелерінің тәжірибесімен бөлісті

АСТАНА. 15-тамыз . Kazakhstan Today. Қазақстан мен Монғолияның төтенше жағдайлар министрлері Виктор Храпунов пен Отгонбаяр Сайнбуян төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде өз мекемелерінің тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

  • 16 Тамыз 2007
  • 369
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, төтенше жағдайлар министрлерінің кездесуі бүгін Астанада Монғолия президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында өтті. Кездесу кезінде тараптар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

«Монғолия төтенше жағдайлар министрі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымымен танысты, ал монғолиялық құтқарушылар Тау Қалашығы шатқалындағы ҚР ТЖМ-нің оқу полигонында өтетін құтқару саласындағы көпсайыс шеңберіндегі жыл сайынғы халықаралық сайыстарға шақырылды», — делінген хабарламада. Сонымен бірге тараптар арнаулы оқу орындарында мамандар оқыту жөнінде ұсыныстар білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті