Қазақстан Ауғанстанға қолдау көрсету жөнінде арнайы бағдарлама жасауда - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ауғанстанға қолдау көрсету жөнінде арнайы  бағдарлама жасауда

Қазақстан Ауғанстанға қолдау көрсету жөнінде арнайы бағдарлама жасауда

АСТАНА. 16 тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстан Ауғанстанға қолдау көрсету жөнінде арнайы бағдарлама жасауда, онда түрлі салада мамандар дайындау, нысандар құрылысын салу және қайырымдылық көмектер көрсету қарастырылған. Бұл туралы бүгін Бішкекте Ауғанстан президенті Хамид Карзаймен кездесуде Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Тамыз 2007
  • 348
Фото - Caravan.kz

Президенттің баспасөз қызметінің келтірген сөздәйегіне сәйкес, Н. Назарбаев Қазақстанның Ауғанстандағы ахуалдың тұрақтанғандығынан мүдделі және ел экономикасын сауықтыруға қолдау көрсетуге дайын.

Қазақстан президенті сонымен қатар қазақстандық кәсіпкерлердің Ауғанстан аумағындағы өзара тиімді жобаларға инвестиция салудан айрықша мүдделі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Х. Карзай Н. Назарбаевқа Ауғанстандағы ағымдағы экономикалық және саяси ахуал жөнінде әңгімелеп берді. Атап айтсақ, ауған көшбасшысы елдегі жол-транспорт жүйесінің дамуынан хабардар етті. Жүйе Орталық Азия елдерінен бағытталатын. Транзиттік ағынның өсуі мен сауда саласындағы жақын байланыстар орнатуға септігін тигізуге тиіс.

«Осыған байланысты Қазақстанмен арадағы экономикалық ынтымақтастықтың маңызы аса зор», — деді Ауғанстан президенті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті