Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының кезекті саммиті Душанбеде өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының кезекті саммиті  Душанбеде өтеді

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының кезекті саммиті Душанбеде өтеді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 16 тамыз. БІШКЕК. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының кезекті саммиті 2008-жылы Душанбеде өтеді. Бұл туралы Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының жеке дара жүздесуінен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 16 Тамыз 2007
  • 345
Фото - Caravan.kz

«Шанхай ынтымақтастығы ұйымына төраға болу құзыреті Тәжікстанға беріледі. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының кезекті саммиті 2008-жылы Душанбеде өтеді», — деді Қ. Бакиев.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон отырысқа қатысушыларға сенім жүктегені үшін ризашылық білдірді. Тәжікстан мемлекет басшысы Душанбе саммиті жоғары деңгейде ұйымдастырылады және «ұйымды дамытудың жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді» дегенге сенім білдірді. «Тәжікстан жүзеге асырылуы біздің көршілерімізге шығын әкелетін жобаларды ешқашан қолдамайтын болады», — деді ол.

Сондай-ақ, Э. Рахмон өз сөзінде Тәжікстандағы жастар ұйымдарының ШЫҰ-ның жанында жастар құрылымын құру жөніндегі бастамаға қолдау білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті