Ақмола облысында Атбасар қаласының тұрғынынан 1 кг астам героин тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында Атбасар қаласының тұрғынынан 1 кг астам героин тәркіленді

Ақмола облысында Атбасар қаласының тұрғынынан 1 кг астам героин тәркіленді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 16 - тамыз. АСТАНА. Ақмола облысында Атбасар қаласының тұрғынынан 1 кг астам героин тәркіленді. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитеттің насихат және бұқарамен байланыс бөлімінен хабарлады.

  • 16 Тамыз 2007
  • 537
Фото - Caravan.kz

Бөлімнің ақпараттарына сүйенсек, кеше Атбасардың шетінде Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында 1967 жылы туған, аталмыш қаланың тұрғыны Н деген азаматты ұстаған. Одан әрі тінту барысында оның «Мазда» маркалы көлігінен 1 кг 35 г героин табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараттарына сүйенсек, Ақтауда Ішкі істер басқармасы мен ішкі істер департаментінің есірткімен күрес бөлімдерінің қызметкерлері Өзбекстан азаматын ұстаған, одан 836 грамм героин табылып, тәркіленген.

Сондай-ақ, Ақмола облысының Ақкөл қаласында полицейлер жедел іс-шаралар жүргізу барысында көшеден осы қаланың 25 жасар тұрғынын ұстаған. Тінту барысында одан 174 грамм героин табылып, тәркіленді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті