Оның айтуынша, 2007 жылдың 7 тамызында бір сайтта Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның орталық сайлау алдындағы үгіт штабының баспасөз парақшалары жарияланған, онда «сайлау алдындағы сыртқы жарнаманы орналастыру үшін орын бөлу туралы жергілікті атқарушы органдар мен басқа да уәкілетті ұйымдарға қайта-қайта жасаған өтініштерінің нәтижесіз болғаны айтылған».
Прокуратура органындағы ақпараттар бойынша республикада иелері негізінен шаруашылық жүргізуші болып табылатын 5845 билборд орналастырылған.
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның өкілдері билбордтардың меншік иелеріне іс жүзінде шағымданбағаны анықталды»,- деді өкіл.
Мысалы, прокуратураның сұрау салуына орай Алматы қаласының билборд меншік иелерінің берген ақпараты бойынша Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның «ТВ Медиа — сыртқы жарнама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 70 билборд орналастыру жөніндегі өтініштері 2007 жылдың 2 тамызында келіп түскен. «Алайда бұл серіктестікте ол уақытта үгіт жарнамасын орналастыру үшін 10 орын ғана қалған, олар Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға соны ұсынған. Бұл партиядан келісім-шартқа отыруды растау қағазы әлі күнге дейін түскен жоқ»,- деді С.Нұрпейісов.
Бас прокуратураның ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімдігі Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның бес билбордты орналастыру жөніндегі өтінішін қанағаттандырды, олар бүгінде өз орнында тұр.
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Петропавл қаласының әкімінің орынбасарына жасаған үш ауызекі өтініштері бойынша «Қызыл Жар-Жарнама» мемлекеттік кәсіпорыны мен «Архстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктесітігі басшыларына үгіт материалдарын орналастыруға рұқсат берілген. Ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның өкілдері үгіт материалдарын орналастырудан өздері бас тартқан»,- деді қадағалаушы орган өкілі.
«Қолда бар мәліметтерге қарағанда Атырау қаласында бос орын болмағандықтан үгіт материалдарын орналастыру жөніндегі бір өтініш қана қанағаттандырылмаған»,- деді С.Нұрпейісов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті