ҚКХП өз қатарынан Әбілқасымовты шығарады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚКХП өз қатарынан Әбілқасымовты шығарады

ҚКХП өз қатарынан Әбілқасымовты шығарады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 16 - тамыз. Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы өзінің саяси бірлестігінен Ерасыл Әбілқасымовты шығарады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясының орталық бақылау-ревизиялық комиссиясының төрағасы Александр Холодков мәлім етті.

  • 17 Тамыз 2007
  • 358
Фото - Caravan.kz

«Әбілқасымов есепте тұрған Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясының Астана қалалық комитеті оны коммунистік партияның қатарынан шығару процедурасын бастады»,- деді А. Холодков.

А. Холодков, мұндай шешім 13-тамызда республикалық телеарналардың бірінен Е. Әбілқасымовтың сайлаушыларды «Нұр Отан» партиясына дауыс беруге шақырғандығына жауап ретінде қабылданып отырғандығын түсіндіріп өтті. «Біз оның бұл қылығын әдейі жасалған сатқындық ретінде бағалаймыз»,- деп мәлім етті ол.

Сонымен қатар, «сайлау науқаны басталғаннан бері ол (Әбілқасымов) сайлаушылармен бір де бір рет кездесу өткізбеген, партия тапсырмаларының біреуі де орындалмаған»,- деді Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясының өкілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті