Қызылорда облысында облыстық Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқармасы қалалық инспекциясының қызметкері парақорлығы үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында облыстық Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқармасы қалалық инспекциясының қызметкері парақорлығы үшін ұсталды

Қызылорда облысында облыстық Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқармасы қалалық инспекциясының қызметкері парақорлығы үшін ұсталды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 17 тамыз. АСТАНА. Қызылорда облысында облыстық Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқармасы қалалық инспекциясының қызметкері парақорлығы үшін ұсталды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігі ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 17 Тамыз 2007
  • 660
Фото - Caravan.kz

«ҰҚК-нің Қызылорда облыстық және Байқоңыр қалалық департаментінің тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағының «а» тармақшасы (бопсалау жолымен пара алу) бойынша облыстық Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқармасы қалалық инспекциясының аға инспекторының үстінен қылмыстық іс қозғады», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, инспектор 10 мың теңге көлемінде пара алып жатқан сәтте ұсталған, бұл ақшаны ол шартты сотталған азаматтан әкімшілік қадағалау бойынша мәселені оң шешіп беру үшін бопсалаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті