Ресейлік кеденшілер Қазақстан азаматын 57 кг жуық героинмен ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік кеденшілер Қазақстан азаматын 57 кг жуық героинмен ұстады

Ресейлік кеденшілер Қазақстан азаматын 57 кг жуық героинмен ұстады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 16 - тамыз. Ресейлік кеденшілер Қазақстан азаматын 57 кг жуық героинмен ұстады, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі Сібірдің кеден басқармасындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 17 Тамыз 2007
  • 405
Фото - Caravan.kz

Кеденшілердің түсіндіруінше, есірткі кеше Новосибирск облысының Қарасу ауданының «Павловка» өткізу пунктінде мемлекеттік шекарадан өту кезінде «Газель» көлігін тексеру барысында табылған. Жалпы салмағы 56 кг 894,5 грамды құрайтын героин бұрыш салынған жәшікке мұқият тығылған. «Осыған дейін көлік мемлекеттік шекараның қазақстандық бөлігінен еркін өтіп келген»,- деп атап өтті кеденшілер.

Ресейлік ақпарат көздерінің ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта героинды Ресей Федерациясының кедендік шекарасынан заңсыз тасымалдау дерегі бойынша Қазақстан азаматының үстінен Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-тармағы бойныша қылмыстық іс қозғалды. Істің басқа да мән-жайы тергеу мүддесі үшін әзірге жарияланбай отыр.

Сонымен қатар, агенттік тілшісінің хабарлауынша, бұл ресейлік құқық қорғау органдарының шекараның аталмыш учаскесінде героиннің өте ірі көлемін тәркілеуге қатысты жыл басынан берігі екінші дерек. 24-ақпанда «Павловка» көлік өткізу пунктінде Қазақстан азаматы ұсталып, одан жалпы салмағы 61 кг астам героин тәркіленген болатын.

Павлодар облысының Успенка аулының 45 жастағы тұрғыны ұсталғанға дейін бірінші кездегідей шекараның қазақстандық бөлігінен еш кедергісіз өткен. Ұсталған азаматты Новосибирск соты үстіміздегі жылдың сәуірінде жазасын Ресей Федерациясының аумағында қатаң режимді түрмеде өтеумен 15 жылға бас бостандығынан айырған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті