Жыл басынан бері қоғамдық құрылымдардың қатысумен 2 мыңнан астам қылмыс ашылған - полиция - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері қоғамдық құрылымдардың қатысумен 2 мыңнан астам қылмыс ашылған - полиция

Жыл басынан бері қоғамдық құрылымдардың қатысумен 2 мыңнан астам қылмыс ашылған - полиция

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 16 - тамыз. АСТАНА. Жыл басынан бері қоғамдық құрылымдардың қатысумен полицейлер 30 мыңнан астам құқық бұзушыларды ұстап, 2 мыңнан астам қылмысты ашқан. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің таратқан хабарламасында айтылған.

  • 17 Тамыз 2007
  • 416
Фото - Caravan.kz

Комитеттің хабарлауынша, қазіргі уақытта елде полициямен ықпалдастықта өз қатарларына 30 мыңнан астам адамды біріктіретін 4 мыңнан астам қоғамдық құрылымдар бар. «Сарбаздар», «Сақшы», студентік отрядтар, консьерждер сияқты қоғамдық құрылымдар желісі дамып келе жатыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, үстіміздегі жылы қоғамдық тәртіпті сақтауға және қылмыспен күреске жұмылдырылған азаматтарды ынталандыру үшін жергілікті бюджеттен 27 млн теңгеден астам қаржы бөліген. «Қаржының көптеген бөлігін Астана, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімшіліктері бөлген»,- деп атап көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар, бүгінде қоғамдық тәртіпті сақтауға белсене қатысқандығы үшін 1331 адамға жалпы көлемі 8 млн астам теңгедей қаржылай сыйақы төленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті