«Павлодар облысындағы «Қосақ-авто» өткізу бекетінде кеше 20 сағат 30 минут шамасында «Фольксваген Пассат» автокөлігін тексеру барысында есіктің ішкі қаптамасының ішінен шекарашылар ақ түсті ұнтақ зат салынған алты полиэтилен дорба тапты», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. Шекарашылардың ақпаратына сәйкес, сараптама нәтижесі бұл заттың жалпы салмағы 6 кг болатын героин екенін көрсетті.
«Осы дерек бойынша Ресейдің бір азаматы мен Қырғызстанның үш азаматы ұсталды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті