Талдықорғанда ұсталған қылмыстық топтың үш мүшесінен қару-жарақ топтамасы тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда ұсталған қылмыстық топтың үш мүшесінен қару-жарақ топтамасы тәркіленді

Талдықорғанда ұсталған қылмыстық топтың үш мүшесінен қару-жарақ топтамасы тәркіленді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 17 тамыз. ТАЛДЫҚОРҒАН. Талдықорғанда ұсталған қылмыстық топтың үш мүшесінен қару-жарақ топтамасы тәркіленді. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Тамыз 2007
  • 367
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының оперативтік қызметкерлері, «Арлан» арнаулы бөлімшесінің жауынгерлері мен ҰҚК-нің облыстық департаментінің қызметкерлері күдіктілерді Талдықорғанның шетінде, «Ирбис» көңіл көтеру кешенінің жанында ұстады. «Күдіктілер мінген көліктің ішінен тәртіп сақшылары 5,45 мм-лік «ПСН» тапаншасын, калибрі 7,62 мм-лік «ТТ» тапаншасын тапты», — деп хабарлайды полицейлер.

Бұған қоса, баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталғандардың бірінің үйінен тінту кезінде «Байкал» маркалы, калибрі 9 мм-лік екі тапанша мен чехияның «ЧЗЕТ» маркалы, калибрі 7,65 мм-лік тапаншасы, сондай-ақ, 20-дан астам оқ пен 5 грамға жуық героин табылды.

«Қазір тәркіленген қару-жарақ сараптамаға жіберіліп, ұсталғандар уақытша тергеу абақтысына қамалды», — деп хабарлайды полицейлер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті