Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында 16-тамызда 19 сағат 25 минутта жалпы аумағы 40 га құраған далалық өрт басталған болатын. Өртті сөндіруге 10 адам мен 2 бірлік техника жұмылдырылған, олардың 6-ы адамы және 1 техника Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан.
Сонымен қатар, Темір ауанының Қапас ауылдық округінде 350 га шарпыған далалық өрт шыққан. Оны ауыздықтауға жеке құрамның 9 адамы мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы жұмылдырылған.
Сондай-ақ, Шалқар ауданының Жаңақоныс ауылдық округінің Көрасар аулында 19 сағат 20 минутта далалық өрт шыққан, тілсіз жау 600 га жерді шарпыған. Өрт 16-тамызда 12 сағат 35 минутта өшірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 16 адам мен 2 бірлік техника жұмылдырылған, олардың 9-ы жеке құрамнан және 1 бірлік техника Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті