Қалалық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының хабарлауынша, жыл сайын өтетін, осы жылы жетінші рет өтіп отырған іс-шараның мақсаты ахуалы төмен отбасыларының балаларына жаңа оқу жылына дайындық барысында көмек көрсету болып табылады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар қала тұрғындарын, кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілерін, жеке кәсіпкерлерді ахуалы төмен отбасыларына көмектесуге шақырды. «Байқоңырлықтардың арасында қайырымды жандар бар деген сенімдеміз»,- деп айтылған іс-шараны ұйымдастырушылардың үндеулерінде.
Іс-шараның құрылтайшыларының бірі, мектеп оқушыларына киім жинаумен айналысатын Святой великомученик Георгий Победоносец атындағы шіркеудің жанындағы проваславиелік приход болып табылады.
18-ші тамыз бен 30-шы тамыз аралығында қалада мектеп қажеттіліктерін қабылдайтын бөлімдер, сонымен қатар, қала тұрғындарының өтініші бойынша жер-жерлерге баратын жылжымалы бөлімшелер жұмыс істейді.
Өткен жылы, ұйымдастырушылардың бағалауы бойныша, «Мектепке баруға көмек» іс-шарасы ойдағыдай өтіп, ахуалы төмен отбасыларының 100-ден астам балаларына мектепке дайындалу барысында көмек көрсетілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті