"Ақ жол" партиясының жетекшісі парламент сайлауына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ақ жол" партиясының жетекшісі парламент сайлауына қатысты

"Ақ жол" партиясының жетекшісі парламент сайлауына қатысты

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 тамыз. АСТАНА. Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының жетекшісі Әлихан Бәйменов мәжіліс депутаттарының сайлауына қатысып, Астанадағы №151 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Тамыз 2007
  • 711
Фото - Caravan.kz



Журналистермен сұхбаттасқан Ә. Бәйменов «бұл сайлаудың жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп жатқанын» атап өтті. «Тұтастай алғанда пропорционал жүйеге көшу мейлінше жоғары сапалы бәсекелестікті қамтамасыз етті», — деді ол.

Сонымен бірге Ә.Бәйменовтың мәлімдеуінше, мәжіліске өту үшін белгіленген жеті проценттік кедергі «Ақ жол» үшін қиындық болып табылмайды». «Мәжілістің жаңа құрамында «Ақ жол» партиясынан лайықты өкілдер болады дегенге сенімдіміз», — деді ол.

«Ақ жол» жетекшісі сайлау учаскесіне өзінің орынбасары Мақсұт Нәрікбаевпен бірге келді.