Қазақстан мен Қытайдың көшбасшылары екі ел арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделілік танытуда - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытайдың көшбасшылары екі ел арасындағы достық  қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделілік  танытуда

Қазақстан мен Қытайдың көшбасшылары екі ел арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделілік танытуда

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 - тамыз. Қазақстан мен Қытайдың көшбасшылары екі ел арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделілік танытуда.

  • 18 Тамыз 2007
  • 477
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның Қытаймен тату көршілік, достық қатынасын одан әрі нығайта дамытуға мүдделілік танытып отырғандығын атап көрсеткім келеді»,- деді Н. Назарбаев Ху Цзиньтаомен бүгін Астанада кеңейтілген құрамда өткен кездесуінде.

«Біздің елдердің арасындағы жоғарғы деңгейдегі тұрақты кездесулер екі ел арасындағы достық, ынтымақтастық пен стратегиялық қатынастардың нақты көрінісін паш етеді»,- деп атап көрсетті Қазақстан жетекшісі.

«Біз Қытайдың дамуын мұқият қадағалап отырамыз және де оның экономикалық өсуіне, Қытайдың әлемдегі беделін нығайта түсуіне таң қаламыз»,- деді президент. «Біз Қытайдың үйлесімді қоғам құру мен дамудың ғылыми тұжырымдамасына қатысты жасаған әрбір қадамын бағалаймыз»,- деп қосты ол.

Қытай Халық Республикасының өкілі өз кезегінде Қытаймен достықты дамытуға бағытталған Қазақстан президентінің күш-жігерін атап өтті. «Сіз екі ел арасындағы қатынасты дамытуға үлкен үлес қостыңыз. Бұған біз жоғары баға береміз»,- деді Ху Цзиньтао Нұрсұлтан Назарбаевқа қаратып айтқан сөзінде.

«Қазақстанда саяси тұрақтылық, экономиканың тұрақты өсуі, халықтың ахуалының жақсаруы мен елдің халықаралық беделінің үздіксіз өсіп келе жатқандығы қуантарлық»,- деп атап көрсетті Қытай басшысы.