Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, апат жұма күні түнде республикалық маңызы бар Павлодар — Қызылорда тасжолының 154-шақырымында болған.
Прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, «БМВ» көлігінің жүргізушісі «ЗИЛ» жүк көлігінің тіркемесінің артынан соғылған. «Жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы Александр Боль оқиға болған жерде қайтыс болды. «БМВ» ішіндегі тағы бір адам — Инна Кушваева ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болған»,- деп хабарлады прокуратураның қызметкерлері. Олар сондай-ақ «жеңіл көліктің жүргізушісі мен үшінші жолаушы әртүрлі жарақаттармен Екібастұздың орталық аудандық ауруханасына жеткізілді»,- деп қосты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті