Қазақстан мен Қытай Атасу - Алашанькоу магистральдық мұнай құбыры жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай Атасу - Алашанькоу магистральдық мұнай құбыры жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойды

Қазақстан мен Қытай Атасу - Алашанькоу магистральдық мұнай құбыры жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 - тамыз. АСТАНА. Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға сапары аясында Атасу - Алашанькоу магистральдық мұнай құбыры жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Тамыз 2007
  • 706
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар басқа да құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, Қазақстан — Қытай газ құбырын салу және пайдалануға берудегі ынтымақтыстық туралы үкіметаралық келісімге, ҚХР мен ҚР үкіметтерінің арасындағы 2004 жылдың 17-мамырындағы мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға, ENRC мен Цзюцюань металлургиялық корпорациясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Қытай мұнай корпорациясы арасында қазақстандық-қытайлық мұнайқұбырының екінші кезегін салу туралы келісіміне қосымша келісімге қол қойылды.

«Біз қол қойған ең үлкен келісім Атасу — Алашанькоу мұнай құбырын кеңейтуге қатысты, бұл Каспийге дейінгі құбырдың екінші кезегін тарту туралы , сондай-ақ Түрікменстан, Қазақстан мен Қытайдан газқұбырын салу»,- деп атап көрсетті Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР басшысымен келіссөз жүргізгеннен кейін өткен баспасөз мәслихаты барысында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті