«Қытай үкімет Қазақстан экономикасына ел компанияларының инвестициясын өсіруді ынталандыру түсуде»,- деді ҚХР көшбасшысы. «Атап айтқанда, біз машина жасау, металлургия және басқа да салаларға инвестиция салуды өсіруге дайынбыз»,- деп нақтылады ол.
Ху Цзиньтао сондай-ақ, «Қытай Қазақстанда өнеркәсіптік және ғылыми парктер құруға белсенді қатысуға қызығушылық танытатындығын» атап өтті.
Ынтымақтастық жылдары ішінде, Қытайдың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы, ҚХР статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 8 миллиардқа жуық АҚШ долларын құраған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті