«Тараптар екі елдің мемлекеттік қауіпсіздікті, терроризммен, сепаратизммен, экстремизммен, трансұлттық қылмыспен және есірткінің заңсыз айналымымен күресті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың жоғарғы деңгейі мен оң қарқынды дамуынан бұдан былай да ауытқымайды»,- деп айтылған құжатта.
Мемлекет сондай-ақ «аймақтық және халықаралық саясаттың әсер етуші факторы болып отырған» Шанхай ынтымақтастығы ұйымының іс-қызметі мәселелеріне қатысты әртүрлі деңгейдегі кеңес және үйлестіру тәжірибесін жалғастырады. «Тараптардың пайымдауынша, ШЫҰ дамытудың жаңа кезеңінде өзара қызығушылық тудыратын халықаралық өмірдің өзекті проблемалары жөніндегі жиі өткізілетін саяси келіссөздердің маңызы өсіп келеді. Тараптар, ШЫҰ мүше мемлекеттер ұйым кеңістігінде өмір сүріп жатқан халықтың игілігі үшін қауіпсіздік саласында, сонымен қатар экономикалық және саяси-гуманитарлық салаларда ынтымақтастыққа аса назар аударуға тиіс, деп санайды»,- деп көрсетілген коммюникеде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті