Павлодарда сотталушы азамат сот залында жаңжал шығарып, қорғаныш қоршауды шағып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда сотталушы азамат сот залында жаңжал шығарып, қорғаныш қоршауды шағып тастады

Павлодарда сотталушы азамат сот залында жаңжал шығарып, қорғаныш қоршауды шағып тастады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 21 тамыз. ПАВЛОДАР. Павлодарда сотталушы азамат сот залында жаңжал шығарып, қорғаныш қоршауды шағып тастады. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Тамыз 2007
  • 507
Фото - Caravan.kz



Оқиға кеше екі кісі өлтірді деп айыпталған 18-жасар Владимир Клоповқа қатысты сот үкімін таныстыру сәтінде болған.

«Процесс ашық өткізіліп, судья журналистердің де отырысқа қатысуына рұқсат берген, алайда бұған сотталушы наразылық білдірген», — деді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрия Қадырбекова. Оның айтуынша, бейнекамераны көріп қалған жігіт жаңжал шығара бастаған. «Ол өзі отырған орындықты бас салып, қорғаныш әйнекті сындырды», — деп түсіндіреді баспасөз қызметіндегілер.

Соттан хабарлауынша, «дүрбелең шығарған сотталушыны сабасына түсіру үшін залға қосымша күзетшілер мен тәртіп сақшылары шақырылған». Үкім сотталушы жоқ жерде оқып таныстырылды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, В. Клопов ҚР қылмыстық кодексінің 96-бабы (кісі өлтіру) бойынша айыпты деп танылған. 2006 жылдың 1-желтоқсанында ол жас әйел мен оның 4 жасар қызын айуандықпен өлтіріп, артынан олардың пәтерін өртеп жіберген. Тергеу барысында мәлім болғанындай, қылмыстың шығуына сотталушының пәтерді жалға алғаны үшін жинақталған ауқымды берешегі себеп болған.

Облыстық соттың шешімімен 18-жасар В. Клоповқа қатаң тәртіпті абақтыда 12 жыл отыру жөнінде үкім шығарылды.