«Жәрдемдесу жөніндегі дабыл бірнеше сағат бұрын келіп түскен. Белгілі ақпаратқа сәйкес, бір жиҺанкездің өкпесі ісіне бастаған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. «Ресейлікті құтқару үшін Қырғызстан Төтенше жағдайлар миниистрлігінің тікұшағы жолданды. Оның бортында дәрігерлер мен құтқарушылар тобы бар»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Мекеменің түсініктемесі бойынша, альпинистер тобы Данков шыңына өрмелеп жүрген. «Бұл республикадағы ең күрделі шыңдардың бірі, биіктігі 5982 метрге тең. Әдетте шыңға 22-24 сағат немесе үш тәулікте өрмелеп шығуға болады», — деп нақтылайды министрлік қызметкерлері.