Қазақстан елшісі Жапония императорына сенім грамотасын табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан елшісі Жапония императорына сенім грамотасын табыс етті

Қазақстан елшісі Жапония императорына сенім грамотасын табыс етті

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 21 тамыз. АСТАНА. Қазақстан елшісі Ақылбек Камалдинов дүйсенбі күні Жапония императоры Акихитоға сенім грамотасын табыс етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Тамыз 2007
  • 391
Фото - Caravan.kz

Жапония билеушісінің ресми резиденциясы — император сарайында өткен рәсімнен кейін меймандос ауанда сұхбат болып өтті», — деп хабарлайды СІМ.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сұхбат барысында император Акихито «Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің ыстық сәлемін жеткізіп, оған зор денсаулық, ал Қазақстан халқына әріқарайғы гүлдену, бейбітшілік, бақыт пен ырыс тіледі».

Бұған қоса баспасөз қызметінің хабарлауынша, «жапон билеушісі қазақ елшісіне екі елдің көп жақты ынтымақтастығын дамыту миссиясын атқаруда табыс тіледі».