Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы төрт бала анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы төрт бала анықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы төрт бала анықталды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 тамыз. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы төрт бала анықталды. Бұл туралы облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Наталья Бабина журналистерге хабарлады.

  • 22 Тамыз 2007
  • 337
Фото - Caravan.kz



«2 мен 4 жас аралығындағы төрт баланың зерттеу нәтижелері дәлелденді», — деді Н. Бабина. Оның айтуынша, екі бала Сарыағаш ауданында, бір бала Кентауда, енді біреуі Түркістанда тұрады. Жаңадан анықталған балалардың ата-аналарының анализдері тексеріліп жатыр, деді бас дәрігер.

Облыстық СПИД орталығының мәліметінше, қазіргі жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 127-ге жетті, соның ішінде 10 бала қайтыс болған, бір баланы асырап шетелге алып кеткен. ВИЧ індетін жұқтырған аналардың саны 15 болды.