"Ғылым қоры" АҚ бес бағыт бойынша зерттеулер жүргізуге жас ғалымдар арасында байқау жарияламақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ғылым қоры" АҚ бес бағыт бойынша зерттеулер жүргізуге жас ғалымдар арасында байқау жарияламақшы

"Ғылым қоры" АҚ бес бағыт бойынша зерттеулер жүргізуге жас ғалымдар арасында байқау жарияламақшы

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 тамыз. АСТАНА. Ұлттық ғылыми-технологиялық "Самғау" холдингінің құрылымына кіретін "Ғылым қоры" АҚ таяу уақыттарда бес бағыт бойынша зерттеулер жүргізуге жас ғалымдар арасында сыйлық қоры 5 млн теңгені құрайтын "Шарықтау" атты байқау жарияламақшы. Бұл туралы кеше "Ғылым қоры" АҚ-ның тұсаукесерінде қор басқармаларының төрайымы Әсел Нүсіпова хабарлады.

  • 22 Тамыз 2007
  • 523
Фото - Caravan.kz



«Әр бағыт бойынша жеңімпаз ғылым қорынан грант түрінде бір миллион теңгеден алады», — деді А. Нүсіпова. Ғылым қоры журналистер арасында таратқан материалдарға сәйкес, қатысушылардың жасы 35-тен аспауға тиіс. Сондай-ақ, бұл байқауды жыл сайын өткізіп отыру жоспарланған.

Басқарма төрайымы бұған қоса қордың «келесі жылы жас ғалымдардың ғылыми зерттеулері мен жобаларын ақшалай қолдау үшін корпоративтік қор құру жөнінде Қазақстанда жұмыс істейтін отандық және шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатқанын» хабарлады.

«Болашақта біз жергілікті атқарушы билік органдары, басқа да даму институттары мен компаниялардың қатысуымен «Жобалар биржасын» құруға күш салатын боламыз. Бұл биржаның көмегімен біз Қазақстанда жасалып жатқан жобалар жөніндегі ақпараттармен алмасып, басқа да даму институттарымен бірлесе отырып жобалардың қайталануына және мемлекет қаржысын талан-таражға түсуіне жол бермей тиімді жүзеге асыра алар едік», — деді А. Нүсіпова. Ол сондай-ақ, «Интеллектуалдық генофонд» атты мәліметтер базасының жобасы жасалып жатқанын, онда республика мен шетелдерде жұмыс істейтін қазақстандық ғалымдар жөніндегі толық ақпарат жинақталатынын жеткізді.