Семейде жол апатынан бір адам қаза тауып, жетеуі зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жол апатынан бір адам қаза тауып, жетеуі зардап шекті

Семейде жол апатынан бір адам қаза тауып, жетеуі зардап шекті

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 тамыз. СЕМЕЙ. Семейде өткен тәулікте жол апатынан бір адам қаза тауып, жетеуі зардап шекті. Бұл туралы агенттік тілшісіне қалалық жедел жәрдем станциясынан хабарлады.

  • 22 Тамыз 2007
  • 390
Фото - Caravan.kz



«Қаладан шыға берісте, Знаменское тас жолында екі жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан жеті адам зардап шекті. Олардың арасында 8, 12 және 17 жастағы кәмелеттік жасқа жетпеген үш бала бар», — деді станция директорының орынбасары Мәнсия Әукенова. Оның айтуынша, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылған.

Сонымен бірге, «Общество слепых» ықшамауданында жеңіл автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен. «Жүргінші жедел жәрдем тобы келгенше қайтыс болды. Оның аты-жөні әлі анықталған жоқ. Жігіт 25 — 30 жас аралығында», — деді М.Әукенова.