Кеше Шымкент пен Сайрам ауданында «Непутевые заметки» телебағдарламасының түсірілімі жүргізілді. Бағдарлама бойынша Қазақстан жөнінде материал дайындалуда. Топ құрамында мәскеулік үш қызметкер мен бір жергілікті өнертанушы жұмыс істеуде. Телебағдарламаның жүргізушісі әрі авторы Дмитрий Крылов келе алмағандықтан, режиссер ролін оның ұлы — кіші Дмитрий Крылов атқаруда.
Сайрам мен Шымкентпен қатар топ Бәйдібек ауданы мен Түркістанда болмақшы. Ресейлік журналистердің айтуынша, түсірілімнің белгілі бір сценарийі жоқ, сол себепті бағыттан ауытқу мүмкіндігі де бар. Дмитрий Крыловтың хабарлауынша, «бағдарлама «Непутевые заметки» деп аталатындықтан, онда тек әсем әрі көрікті жерлер ғана емес, сонымен бірге, елге , өңірге тән колоритті дүниелер де көрсетіледі». Ол «Непутевые заметки» бағдарламасының бір қиындығы сол, «материал жергілікті жермен танысу барысында жол-жөнекей жиналатындығында», деп атап өтті.
Түсіруші топ Шымкентке Алматыдан келді.