Каспий жағалауындағы мемлекеттер басшыларының саммиті 16-қазанда Тегеранда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий жағалауындағы мемлекеттер басшыларының саммиті 16-қазанда Тегеранда өтеді

Каспий жағалауындағы мемлекеттер басшыларының саммиті 16-қазанда Тегеранда өтеді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 - тамыз. БАКУ. Каспий жағалауындағы мемлекеттер басшыларының екінші саммиті 16-қазанда Тегеранда өтеді. Бұл туралы бүгін Бакуде өткен баспасөз мәслихатында Иранның президенті Махмуд Ахмадинежад мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 22 Тамыз 2007
  • 705
Фото - Caravan.kz

«Каспий жағалауындағы бес мемлекеттің басшыларының саммитке қатысатындығы расталған. Біз онда қырағы қадамдар мен қатынастарды нығайтуға бағытталған нақты шешімдер қабылданатыныың куәсі боламыз деген үміттеміз»,- деді М. Ахмдинежад.

Оның айтуынша, Каспий «бейбітшілік, бауырластық пен ынтымақтастық теңізі» болуға тиіс. «Біздің пайымдауымызша, бүгінде Каспийдың байлығы тиімсіз және әділетсіз пайдалануда. Каспий жағалауындағы барлық ел қолдағы әлеуетті пайдалану мүмкіндігіне ие болуғатиіс. Тегерандағы саммитте мемлекеттердің ұстанымы жақындасады деген сенімдемін»,- деп атап өтті президент.

«Каспий — бұл достық және көршілес қатынастар орнату үшін жақсы мүмкіндік»,- деді М. Ахмадинежад.