«Қылмыскерлерден Құмкөл кенішінен ұрланған жалпы сомасы 13 млн теңгені құрайтын 240 тонна мұнай мен 188 тонна көмірсутегі шикі заты тәркіленген, олар одан әрі сату үшін вагондармен жіберуге дайындалған»,- деп атап өтті С. Күсетов.
"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 - тамыз. АСТАНА. Қызылордада қала тұрғынының жетекшілігімен Құмкөл кенішінен мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитетінің төрағасы Сұлтан Күсетов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.