«Тізім заңды, бірақ ол бір адамға кеміді»,- деп мәлім етті Қуандық Тұрғанқұлов. Оның түсіндіруінше, 21-тамызда Орталық сайлау комиссиясы отырыс барысында «Нұр Отан» партиясының тізімінен Лапшин Сергей Николаевичті шығарған, себебі ол Ресей Федерациясының азаматы болып табылады.
«Оның толтырған өмірбаянына сәйкес және Ішкі істер министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне сәйкес барлығы қалыпты болған»,- деп түсіндірді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы. «Бірақ, шағымдар түсуге байланысты біз оны тексере бастадық, Ресей Федерациясына Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне сұрау салуға мәжбүр болдық. Жауапты отырыс өткізген күні, тамыздың 21-жұлдызында алдық. Сөйтіп, заң талабына сәйкес, біз оны парламент мәжілісінің депутаттығынан үміткерлердің тізімінен шығардық»,- деп қосты ол.