«Ертең «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді, онда парламентке енетін депутаттардың тізімін айқындаймыз», — деді Б. Жұмағұлов.
«»Нұр Отан» партиясынан ұсынылған үміткерлердің тізімінде 125 адам бар екені белгілі. Біз 98 мандатты жеңіп алдық», — деді төраға орынбасары.
Журналистер сауалына жауап берген оның түсініктемесіне сәйкес, «депутаттарды іріктеу критерийлері сан алуан болмақ». «Бірінші кезекте барлық өңірлерден өкілдер болуы керек», — деп нақтылады Б. Жұмағұлов. «Біз сонымен қатар адамдардың атқарған жұмысына, кәсіби қабілетіне қарайтын боламыз», — деп қосты ол.
Осы орайда Б. Жұмағұловтың атап көрсеткеніндей, «тізімге кірмей қалатын 27 адам резервте болады». «Өйткені, парламентте ұдайы алмасулар болып тұрады, сол кезде олар парламентке кіретін болады», — деп түсіндірді ол. «Сол себепті, тізімдегілердің ішінен әлдекім депутат болмай қалады деп проблема жасаудың қажеті жоқ», — деді ол.