Қырғызстанда ЕурАзЭҚ мүше елдердің әділет министрлері Кеңесінің кезекті отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда ЕурАзЭҚ мүше елдердің әділет министрлері Кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Қырғызстанда ЕурАзЭҚ мүше елдердің әділет министрлері Кеңесінің кезекті отырысы өтеді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 23 - тамыз. БІШКЕК. Қырғызстанда бүгін ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы әділет министрлері Кеңесінің тоғызыншы отырысы өтеді, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 23 Тамыз 2007
  • 304
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, отырыс Ыстықкөл облысының Шолпан-Ата қаласында, Қырғызстан президентінің мемлекеттік резиденциясында өтеді.

Отырысқа Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстанның әділет министрлері, сонымен қатар Беларусь әділет министрінің орынбасары Игорь Тушинский, ТМД Экономикалық сотының басшысы Анар Керімбаева мен халықаралық сарапшылар қатысады.

Отырыстың негізгі міндеті бұрын қабылданған шешімдердің жүзеге асу барысы туралы ақпараттармен, сондай-ақ жұмыс тәжірибесімен алмасу болып табылады.

ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы әділет министрлері Кеңесі 2002 жылдың 26-сәуірінде құрылған.