Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, сәйкес қаулыға Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Алмазбек Атамбаев қол қойды.
Құрылыс «Қырғызстан Республмкасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында» басталмақ. Зауыт Жалалабад облысының Таш-Құмыр қаласында салынбақ. Өндірістің жобалық қуаты жылына 200 000 тонна ферросиликоалюминийді құрайды.
Зауыт «Авиньен» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастықтың қаржысы мен оған тартылатын инвестициялық және несиелік қаржы есебінен Қырғызстан үкіметінің қатысуынсыз салынады. Жалалабад облысының мемлекеттік әкімшілігіне 2007 жылдың 1-қыркүйегіне дейін «Авиньен» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастықтығына зауыт құрылысын салатын жер, карьерлер мен транспортерлар беру тапсырылды.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, үкімет қаулысымен Қырғызстан Республикасының үкіметі жанындағы Антимонополиялық саясат пен бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік агенттігіне жұмсалған инвестицияның ақталу мерзімінде «Авиньен» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастықтығына елдегі ішкі рынок үшін ферросиликоалюминийдің бағасын реттеу тапсырылды.
«Электр станциясы» ашық акционерлік қоғамына инвесторлармен 20 жылға 50 МВА көлемінде электр қуатын тасымалдау туралы келісім жасау ұсынылған.
Премьер-министрдің осы қаулысымен «Авиньен» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастықтығына Уч-Қурганск СЭС реинвестиция шартымен модернизациялау және және жаңғырту, Таш-Қумыр қаласындағы ферроқорытпа зауыты құрылысының 2008 жылдың бірінші тоқсанында басталуын қамтамасыз ету, жұмысқа кемінде 90 пайыз инженерлік-техникалық қызметкерлер мен жұмысшыларды Қырғызстан азаматтарынан тартуға ұсыныс жасалған.
Бұрын хабарлағанымыздай, ферроқорытпа зауытын салу туралы келісімге Бішкекте 2007 жылдың 11-шілдесінде «Қырғызстан — Қазақстан» бизнес-форумы барысында қол қойылған.