Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, апат жұмаға қараған түні Розыбакиев пен Тимирязев көшелерінің қиылысында болған. «»Мерседес» және «Мицубиси» маркалы екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам зардап шегіп, №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлайды мекеме. Зардап шеккендердің бәрі де 18 — 19 жас аралығындағы жастар.