Кеше көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов аталмыш құжатты үкіметке ұсынды.
Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз баянында атап көрсетілгендей, жазғы жарамдылық нормаларының басты талаптары ұшу қауіпсіздігін қамсыздандыру болып табылады. «Әрине, бұл тек ұшу кемелеріне ғана қатысты емес, қолданылатын қозғалтқышқа, құрал-жабдықтарға да қатысты»,- деп нақтылап өтті мекемелердегілер. Сонымен қатар, аталмыш нормаларды меншік түріне тәуелсіз, азаматтық авиация ұйымдары жапапй орындауға міндетті.
«Жазғы жарамдылықтың ұлттық нормаларын әзірлеу барысында Халықарылық азаматтық авиация ұйымының қабылдаған ережелері мен параметрлері пайдаланылған»,- деп атап көрсетілген мәтінде.
Баспасөз баянында атап көрсетілгендей, аталмыш қаулыны жүзеге асыру жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға соқтырмайды және де мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуді талап етпейді. «Яғни, жазғы жарамдылық сертификациясынан өту процессі бұрынғы негізде жүзеге асырылады, сертификаттарды Азаматтық авиация комитеті береді»,- деп түсіндірды министрліктегілер.
Қазыргі уақытта Қазақстанның азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік реестрінде 620 ұшақ және 107 тік ұшақ тіркелген, оларға Азаматтық авиация комитеті жазғы жарамдылық сертификатын берген. Шетелдік әуе кемелерінің сертификаты шет мемлекеттер реестрінде тіркелу негізінде танылады, деп нақталады баспасөз қызметіндегілер.