«Ақтөбе аумағындағы 463 мектіптің 108 жаңа оқу жылына дайын емес»,- деді азық-түлік қауіпсіздігі, балалар мен жасөспірімдер тазалығын қадағалау жөніндегі бөлім бастығы Нәзима Сербаева.
Оның айтуынша, жаңа оқу жылына дайындықтың болмауының негізгі себебі «мектептер күрделі, немесе ағымдағы жөндеу жұмыстарына кеш кіріскен. Оларда осы кезге дейін жөндеу-құрылыс жұмыстары — су құбырының, арам су құбыры және жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстары жалғасуда».
«25-тамызға дейін олап барлық жұмысты аяқтауға тиіс, өйтпеген жағдайда іс сотқа жіберіледі»,- деп атап көрсетті Н. Сербаева.
Облыстық білім беру департаментінен хабарлағандай, үстіміздегі жылы 98 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінген.