Шығыс Қазақстан облысында бірнеше діни бірлестіктердің заңсыз іс-қызметінің жолы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында бірнеше діни бірлестіктердің заңсыз іс-қызметінің жолы кесілді

Шығыс Қазақстан облысында бірнеше діни бірлестіктердің заңсыз іс-қызметінің жолы кесілді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 24 - тамыз. ӨСКЕМЕН. Шығыс Қазақстан облысында бірнеше діни бірлестіктердің заңсыз іс-қызметінің жолы кесілді, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінен.

  • 24 Тамыз 2007
  • 467
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Ішкі істер департаментінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен, Шығыс Қазақстан облыстық прокуратура органдарымен бірлесе отырып «Евангелиялық христиан-баптистер» діни бірлестігінің заңсыз іс-қызметінің жолын кескен.

Полициядағылардың түсіндіруінше, діни бірлестік заңды тіркеусіз облыс аумағында ғибадатхана ашқан, оған келетіндердің саны 35 адамға жеткен.

Бірлестік жетекшісіне 100 ең төменгі есептік көрсеткіш көлемінде (1 МЕК -1092 теңгеге тең) айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Семейде пятидесятниктер деп аталған ағымның жетекшісіне тіркеусіз іс-қызметі үшін осындай сомаға айыппұл салынған.

«Таблиги джамаат» діни-миссионерлік қозғалысының екі жақтасы «әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынды». Полициядағылардың айтуынша, Алматы облысының 30 жастағы тұрғыны мен 50 жастағы семейлік Сосновка аулының тұрғындары арасында заңсыз миссионерлік іс-қызмет таратқан.

Заңсыз діни іс-қызметке байланысты тағы бір дерек Ақжал ауылында анықталып отыр. Жергілікті мешіттің имамында арнайы заңды тіркеуі болмаған. Оған ескерту жасалынды.