Шымкент көшелеріндегі күзет күшейтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент көшелеріндегі күзет  күшейтілді

Шымкент көшелеріндегі күзет күшейтілді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27 тамыз. ШЫМКЕНТ. Шымкент көшелеріндегі патрульдік жұмыстар күшейтілді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД төрағасының орынбасары Сәтпай Жұмабаев журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 27 Тамыз 2007
  • 425
Фото - Caravan.kz



«Біз қазір барлық тәртіп сақшыларын кешкі уақытта қала көшелеріне жұмысқа шығарудамыз», -деді С. Жұмабаев. Орынбасардың айтуынша, Шымкент көшелеріне бір уақытта 800 жуық полиция қызметкері шығарылуда.

С. Жұмабаевтың айтуынша, күзеттің тиімділігін арттыру үшін ұсталған заң бұзушыларды жеткізудің жаңа түрі қолданылуда. Егер бұрын ұсталғандарды патрульдік полицейлер жеткізіп келсе, ендігі жерде бұл жұмыспен «ГАЗель» маркалы жаңа 5 автокөлікпен жабдықталған арнаулы топ шұғылдануда . «Патруль екі адамнан құралады. Ұстау шарасынан кейін олар телефон арқылы хабарласады немесе рациямен хабар береді, осыдан кейін көліктер оқиға орнына шұғыл келіп, заң бұзушыларды алып кетеді», — деді С. Жұмабаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, құқық қорғау құрылымдарының соңғы үйлестіру жиынында облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің басшылығына көшелердегі қылмыстар санының өсе түсуіне байланысты қатаң сын айтып , қала көшелеріндегі күзетті күшейтуді тапсырған болатын.