Астанадағы сегіз кәсіпорынға табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 400 мың теңгенің айыппұлы салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы сегіз кәсіпорынға табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 400 мың теңгенің  айыппұлы салынды

Астанадағы сегіз кәсіпорынға табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 400 мың теңгенің айыппұлы салынды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27 тамыз. АСТАНА. Астанадағы сегіз кәсіпорынға табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 400 мың теңгенің айыппұлы салынды, деп хабарлады Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

  • 27 Тамыз 2007
  • 451
Фото - Caravan.kz



«Анықталған заң бұзушылықтар үшін сегіз заңды тұлғаға 400 мың теңгеден астам айыппұл санкциялары салынды», — деді Е. Аманшаев қаладағы тамыздың 20 мен 26 аралығындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға арналған оперативтік кеңесте.

Заң бұзушылықтарды қалалық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасының экологиялық инспекциясы мамандары табиғат қорғау заңнамасының сақталуына қатысты 15 тексеру жұмыстары барысында анықтаған.