"Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау туралы" заң жобасы үкіметтің қарауына ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау туралы" заң жобасы  үкіметтің қарауына ұсынылды

"Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау туралы" заң жобасы үкіметтің қарауына ұсынылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27-тамыз. АСТАНА. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау туралы" заң жобасын әзірлеп, үкіметтің қарауына жіберді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінан хабарлады.

  • 27 Тамыз 2007
  • 767
Фото - Caravan.kz



Комитеттің хабарлауынша, «әзірленген жобаның негізгі мақсаты отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады».

«Заңның жобасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу жөнінде мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың қызметін жүзеге асыруда құқықтық негіздерін айқындайды»,- делінген комиетт тататқан баспасөз баянында.

«Заң жобасының ерекшелігі тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісіне қарсы іс-қимыл жасаудың құқықтық шаралар кешенінің көзделуі болып табылады. Заң жобасында отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласының мазмұны ашылып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасауды жүзеге астыратын субъектілердің өкілеттіктері белгіленген, сондай-ақ осындай заң бұзушылық жасаған адамға қатысты қолданылатын профилактикалық шаралар белгіленген», деп нақтылайды мекеме.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын субъектілер ретінде, біріншіден заңнама деңгейінде көмек көрсететін ұйымдар бөлінген, олар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге консультативтік-психологиялық және заңгерлік көмек көрсету, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдардың психикасын түзеу жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асырады», деп түсіндіреді мекеме.

Заң жобасын жасаушылар жобада ұсынылған профилактикалық іс-шаралар отбасы- тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтың төмендеуіне әсер ететін болады деген сенімде.