Қашаған кеніші бойынша табиғатты пайдалануға берілген рұқсат кем дегенде үш айға тоқтатылды - қоршаған ортаны қорғау министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашаған кеніші бойынша табиғатты пайдалануға берілген рұқсат кем дегенде үш айға тоқтатылды - қоршаған ортаны қорғау министрі

Қашаған кеніші бойынша табиғатты пайдалануға берілген рұқсат кем дегенде үш айға тоқтатылды - қоршаған ортаны қорғау министрі

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27-тамыз. АСТАНА. Қашаған кеніші бойынша табиғатты пайдалануға берілген рұқсат кем дегенде үш айға тоқтатылды. Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов журналистерге берген сұхбатында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 27 Тамыз 2007
  • 333
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі жэағдаймен 6 нысанға қатысты қорытынды кері қайтарып алынып, 2007-жылға берген рұқсаттың әсері тоқтатылды, басқаша айтқанда, өзімізге қатысты мәселелер бойынша біз іс-қызметті 3 айға тоқтаттық», — деді министр.

Н.Ысқақов осы орайда жоба операторы — Agip KCO консорциумы тарапынан табиғат қорғау заңнамасын бұзуға байланысты Қашаған кенішін игеру жұмыстарын тоқтата тұру туралы мәселе қаралып жатқанын еске салды. Тиісті материалдар жұмысты тоқтату жөніндегі шешім қабылдаушы уәкілетті орган ретінде ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне жолданған.