«ҚАЗАҚСТАН БҮГІН». 28 тамыз. АСТАНА. Тимур Құлбаев «Қазақстанның мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» АҚ-ның басқармалары төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Осы жөніндегі жарлыққа мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.