Елімізде өткен тәулікте жол апаттарынан үш адам қаза тауып, бесеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде өткен тәулікте жол апаттарынан үш адам қаза тауып, бесеуі жараланды

Елімізде өткен тәулікте жол апаттарынан үш адам қаза тауып, бесеуі жараланды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 28 тамыз. АСТАНА. Елімізде өткен тәулікте жол апаттарынан үш адам қаза тауып, бесеуі жараланды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісіне ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Тамыз 2007
  • 381
Фото - Caravan.kz



Атап айтсақ, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, » Сарыарқа ауданында Астана — Қорғалжың тас жолының 4-ші шақырымында 27-тамыз күні күндіз «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі «Ауди» автокөлігімен соқтығысты. Апат салдарынан «ВАЗ-2106» жүргізушісі мен оның аты-жөні анықталмаған жолаушысы оқиға орнында опат болды. «»Ауди» жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы, соның ішінде 2 жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», — деп түсіндіреді мекемедегілер.

Сонымен бірге, Алматы қалалық Құтқару қызметінің хабарлауынша, 28 тамыз күні түн ортасында Сайран көлі маңында аты-жөні қазір анықталмаған «БМВ» автокөлігінің жүргізушісі көлігінің тізгініне ие бола алмай екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. «Апат салдарынан әйел облыстық ауруханаға жатқызылып, ер адам жарақат салдарынан оқиға орнында жедел жәрдем тобы келгенше қайтыс болды»,- деп хабарлайды құтқару қызметі.