Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында битум зауытының іс-қызметі тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында битум зауытының іс-қызметі тоқтатылды

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында битум зауытының іс-қызметі тоқтатылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27-тамыз. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында битум зауытының іс-қызметі тоқтатылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Мирильяз Миркадиров хабарлады.

  • 28 Тамыз 2007
  • 611
Фото - Caravan.kz

«Түлкібас аулындағы битум өндіретін зауыттың жұмысы 24-тамызда кәсіпорын басшысының жұртшылық өкілдері мен әкімшілік қызметкерлерімен кездескеннен кейін тоқтатылды»,- деп хабарлады М. Миркадиров.

Әкімнің орынбасары, ауыл орталығында теміржол комплектациялау базасының аумағында орналасқан битум зауытының іс-қызметі қолайсыз иіс пен күйе шығарып, тұрғындардың наразылығын тудырған болатын. «Тұрғындар өндірісті елді мекеннен тыс жерге көшіруді талап етіп, талаптары орындалмаған жағдайда зауыттың кіреберісін жауып тастамақ болып қоқан-лоққы көрсеткен болатын», -деп хабарлады әкімшің орынбасары.

Оның айтуынша, өткен аптада аудандық әкімшілік кәсіпорынның басшысы мен қоғам белсенділерінің кездесуін ұйымдастырған. Келіссөз барысында облыстық аумақтық табиғатты қорғау басқармасының қызметкерлері жүзеге асыратын экологиялық сараптаманың нәтижесі алынғанша өндіріс жұмысы тоқтатылатындығы туралы келісімге келген.

«Битум» ЖШС алматылық фирманың бөлімшесі болып табылады. Түлкібас аулында битум өндіру осы жылы басталған болатын.